arasha.kz

«Адал сайлау үшін» штаб іске кірісті

Ағымдағы жылдың 14 ақпанында «Адал сайлау үшін» штаб мүшелерінің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының алдағы сайлау науқаны кезеңіндегі ахуалды бағалау нәтижелері туралы көпшілікке хабарлау мақсатында «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңсесінде БАҚ үшін брифинг өтті.

Штаб басшысы-Серік Ақылбай кезектен тыс сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына қысқаша тоқталды. Мәселен, 2023 жылғы 18 ақпанда сағат 18:00-де кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеу аяқталады.
Депутаттыққа кандидат ең алдымен сайлау құқығына ие болуы керек. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтардың сайлануға құқығы жоқ. Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат оның аумағында соңғы 10 жылда тұрақты тұратын, 25 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.

С.Ақылбай жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша округтік сайлау комиссиясына кандидаттың Қазақстан аумағында соңғы 10 жыл бойы тұрақты тұру бөлігінде кандидаттың сәйкестігін анықтау қиынға соққан жағдай орын алғанын, себебі бұл деректер көші-қон қызметінің деректері бойынша расталмағанын атап өтті.

Заңнама бойынша сайлау комиссиялары өкілетті органдардан алынған мәліметтерді қайта тексеруге құқылы емес. Құқықтық өрісте тұрақты тұрудың заңды фактісін растау және анықтау тек сот тәртібімен мүмкін болады.

Сот шешімінің негізінде округтік сайлау комиссиясы өз шешімін қайта қарап, кандидаттың Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтады.

Сондай-ақ, Әбдікәрім Ақжанов партиялық тізімдер бойынша да, бір мандатты округтер бойынша да депутаттыққа кандидаттар заң ережелерін басшылыққа алуға міндетті екенін, өйткені депутаттар заң шығару және мемлекеттік шешімдер қабылдау саласында жауапкершілік жүктемесін көтеретінін атап өтті.

уман Жампейісов сайлау заңнамасының ықтимал бұзушылықтардың түрлерін, оның ішінде үгіт-насихат кезеңінің басталуына дейін үгіт материалдарын орналастыру, сайлау күні және оның алдындағы күні үгіт материалдарын орналастыру және т. б. туралы хабардар етті.
Қорытындылай келе Серік Ақылбай депутаттыққа кандидаттар мен партияларды сайлау науқанын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жүргізуге шақырды.

Exit mobile version