Біз
әлеуметтік
желіде
26-06-25 |
80 рет қаралған
Аятолла Хаменеи: Израиль жер бетінен жойылар еді.
Аятолла Хаменеи: Израиль жер бетінен жойылар еді

Иранның жоғарғы көшбасшысы Аятолла Хаменеи халқын жеңіспен құттықтады.

— Америкалық режим сионистік режимнің толықтай жойылып кету қаупін түсінген соң, тікелей соғысқа араласты. Алайда бұл жолы да Ислам Республикасы жеңіске жетіп, АҚШ-қа күйрететін соққы берді, — деп мәлімдеді ол IRNA мемлекеттік агенттігіне берген үндеуінде.

Бұл — Израиль мен Иран арасындағы қарулы қақтығыс басталып, аяқталғаннан кейін Аятолла Хаменеи жасаған үшінші мәлімдеме.

Иранның жоғарғы көшбасшысы АҚШ-тың «тікелей соғысқа кіргенін» айтып, егер араласпаса, Израиль жер бетінен жойылар еді деп мәлімдеді.

— Алайда олар ешқандай нәтижеге қол жеткізген жоқ. Бұл жолы да Ислам Республикасы үстем түсіп, Америкаға шапақпен соққы берді, — делінген мәлімдемеде.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.