Біз
әлеуметтік
желіде
22-06-25 |
90 рет қаралған
АҚШ Ирандағы үш ядролық нысанға соққы жасады.
АҚШ Ирандағы үш ядролық нысанға соққы жасады

АҚШ Президенті Дональд Трамп АҚШ әуе-әскери күштері Иранның ядролық инфрақұрылымына шабуыл жасағанын, оның ішінде Фордо, Исфахан және Натанс нысандарына соққы берілгенін мәлімдеді.

«Біз Ирандағы үш ядролық нысанға, соның ішінде Фордо, Натанс және Исфаханға сәтті шабуыл жасадық. Барлық ұшақтар қазір Иран әуе кеңістігінен тыс жерде, — деп жазды ол Truth Social желісінде.

Трамптың айтуынша, басты нысан — Фордоға «бомбалардың толық жүктемесі» тасталған.

«Барлық ұшақтар сәтті оралып жатыр. Біздің керемет америкалық жауынгерлерімізді құттықтаймын. Әлемде мұны жасай алатын басқа армия жоқ. Қазір бейбітшілік орнайтын уақыт келді!» — деді ол.

Фордо — Иранның ядролық бағдарламасындағы ең бекіні мықты нысан. Бұрын сарапшылар бұл нысанға тек 13 тонналық бункер бұзатын бомбалармен ғана қауіп төнуі мүмкін екенін айтқан. Мұндай бомбаларды тек АҚШ-тың В-2 бомбалаушы ұшақтары жеткізе алады. АҚШ сенбі күні бірнеше В-2 ұшағын Иранға жақын жерге орналастырған болатын.

АҚШ-тың соғысқа кіру туралы шешімі соққы берілгенге дейін ресми түрде жарияланбаған. Бұған дейін Трамп шешімді екі апта ішінде қабылдайтынын хабарлаған еді.

Шабуылдың салдары туралы әзірге ақпарат жоқ.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.