Тарифтік мөлшерлеме келесі түрде қалыптасады: бастапқы 10 % баж салығына қосымша фентанил үшін тағы 10 % қосылады, сондай-ақ 125 пайыздық «жауап» бажы енгізіледі.
Ақ үйде түсіндіргендей, Қытайдан өзге, басқа елдер үшін баж салығы үш ай мерзімге 10 %-ға дейін төмендетілген. Бұл шешім Қытай сияқты қарсы шаралар қабылдамаған елдерге қатысты қабылданған.
Өз кезегінде Қытай жаңа мөлшерлемелерге Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Линь Цзяньнің мәлімдемесімен жауап берді. Ол: «Тарифтік соғыста жеңімпаз болмайды», – деп атап өтіп, Бейжіңнің дүрдараздық іздемейтінін, бірақ күрестен де қорықпайтынын айтты.