Мұндай кездесудің таяу уақытта өтуі мүмкін екенін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді.
«Олар кездескілері келеді. Олар сөйлескілері келеді. Біздің қаржы министріміз Скотт Бессент осы үдеріс барысында белсенді жұмыс істеуде, ал келіссөздер жақын арада өтеді», — деді Рубио Fox News телеарнасына берген сұхбатында.
Өз кезегінде Қытай да АҚШ тарапынан келіссөздер жүргізуге дайын екені жөніндегі белгілерді «бағалап» жатқанын мәлімдеді. Бұл тарифтік соғыстың күшеюі аясында риториканың жұмсарғанын білдіруі мүмкін.
«АҚШ жақында Қытайға келіссөздерді бастағысы келетінін білдіретін бірнеше хабарламаны тиісті арналары арқылы жолдады. Қазір Бейжің бұл ұсыныстарды бағалап жатыр», — деп хабарлады ҚХР Сауда министрлігі.
Бұған дейін «Орда» Трамп Қытайға қатысты кедендік баж салығын 125 пайызға дейін көтергенін хабарлаған болатын. Ол бұл шешімді «Қытайдың әлемдік нарықтарға көрсетіп отырған құрметсіздігіне» байланысты қабылданғанын мәлімдеген.