19-12-19 |
1260 рет қаралған
Қалетаев Шығыс Қазақстан облысы әкімі бола ма?.
Қалетаев Шығыс Қазақстан облысы әкімі бола ма?

Бұрынғы президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дархан Қалетаев Шығыс Қазақстан облысына әкім болуы мүмкін-мыс. Мұндай болжамды саясаттанушы Ербол Еділов айтады. Билік Еділов арқылы қоғамға түрлі ақпарат таратып отыратыны бар. Соңғы жылдар бедерінде осы Еділов елден бұрын бәрін біліп отыратын дәрежеге жетті. Жеткізді. Міне, сол Еділов Қалетаевтың ұйымдастырушылық қарым-қабілетін, тәжірбиесін айта келіп, туған аймағына әкім болып баруға лайықты-ақ деп отыр. Еділовтың ойынша, зейнет жасында болса да қызметтегі «ғұмыры» ұзартылған Даниал Ахметов Тасмағамбетовтен үлгі алып, жастарға орын бергені өте-мөте дұрыс болмақ екен.

arasha.kz кеше «Қалетаев қайда барады?» деген тақырыппен материал шығарып, онда Еділовтің болжамын күні бұрын айтқан еді. Еділов бір күн кешігіп, құмалақ ашыпты. Қалай да Қалетаевтың жерде қалмасы басы ашық, анық нәрсе.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.