Жаңадан сайланған президент қызметіне кірісуіне байланысты Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкен қалалары және барлық облыс әкімдері өкілеттілігі тоқтатылды. Әкімдердің қызметі тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін «міндетін атқарушы» болып өзгерді. Бұл туралы президент жарлығы жарық көрді.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген жарлықта.