«Amanat» фракциясы ҚР Премьер-Министрі лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
Олжас Бектенов 2023 жылдың сәуірінде Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған болатын.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтың кандидатурасын ұсынды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партия фракцияларының жетекшілерімен талқылайды.