arasha.kz

Аманжол Әлтай мәжілісі депутаты болады

Партияның саяси кеңес бюросының қаулысымен «AMANAT» партиясынан парламент мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды. Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында хабарлады.

«Аманжол Әлтайды көптен бері танимын. Тек елге танымал айтыскер ақын ғана емес, халық мүддесі үшін әркез салиқалы сөз түзіп жүрген азамат ретінде де жақсы білемін. Әрқашан елдің жанынан табылып, қиын кезде де партиямен бірге бола білген, ізін басып келе жатқан жастарға ісімен де, сөзімен де үлгі болып жүрген тұлға. Алда әлі талай мақсаттар тұр. Ортақ мүдде үшін нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін», – деп жазды Асхат Оралов.

Exit mobile version