arasha.kz

Америка Сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО құрамына кіруін қолдады

Flags of NATO, Sweden and Finland displayed on phone screens are seen in this multiple exposure illustration photo taken in Krakow, Poland on May 15, 2022. (Photo illustration by Jakub Porzycki/NurPhoto)

АҚШ Сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруі туралы қарарды қолдап, сол арқылы президент Джо Байденнің ұсынысын қабылдады.

Бұған дейін Өкілдер палатасы мақұлдаған құжатты бекіту үшін үштен екі дауыс қажет болды және дауыс беру аяқталмай тұрып қажетті көп дауысты жинай білді.

Енді құжат президенттің қол қоюына, одан кейін альянсқа жіберіледі. НАТО-ның барлық мүшелері Финляндия мен Швецияның кіруін мақұлдауы керек.

Exit mobile version