АҚШ әуе күштері жұма күні түнде йемендік хуситтерге қарсы операция кезінде 16 әскери нысанына соққы берілгенін хабарлады.
АҚШ Орталық қолбасшылығының әуе күштерінің қолбасшысы генерал Алекс Гринкевич мәлімдемесінде 16 нысанға 60-тан астам соққы бергендерін айтты. Оның ішінде командалық пункттер, қару-жарақ қоймалары, өндірістік нысандар және әуе қорғанысы радарлары бар.
Генерал Гринкевичтің айтуынша, АҚШ әскері 100-ден астам дәлдік қаруын қолданған және олар тек ұшақтардан ғана емес, кемелер мен сүңгуір қайықтан «Tomahawk» қанатты зымырандарымен де нысанаға соққы берген.