arasha.kz

Армения Еуроодаққа қосылғысы келетінін жеткізді

Армения Еуроодақ құрамына қосылуды қалайтынын жеткізді, деп жазды inbusiness.kz сайты.

Парламент спикері Ален Симоняннің мәліметінше, Ереван еуроинтеграцияға бағыт алуға дайын. Оның айтуынша, ел бұдан былай осы бағытта әрекет ететін болады.  

«Біздің әрекеттеріміз Еуроодақ мүшесі саналатын кейбір серіктес-елдерге қарағанда демократия деңгейі әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Бұл туралы ЕО-дағы серіктестеріміз де айтып жатыр. Бүгінгі таңда демократия, демократиялық ел болу дегеніміз – ең үлкен қауіпсіздік жүйесі», – деді ол.

Exit mobile version