
Заң жобасын 63 депутат қолдап, жеті депутат қарсы шыққан. Ал оппозициялық «Армения» фракциясы дауыс беруге бойкот жасаған.
Қаңтардың басында Армения үкіметі елдің Еуропалық Одаққа кіру процесін бастау туралы заң жобасын мақұлдаған болатын.
Заң жобасын таныстырған кезде сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян бұл азаматтық бастама екенін айтып, ЕО-ға кіруді қолдап 50 мыңнан астам қол жиналғанын мәлімдеді.
Мирзоян үкіметке «оң пікір білдіруді» ұсынды, себебі соңғы жылдары Армения мен ЕО арасындағы қарым-қатынас «жеткілікті түрде тығыз және қарқынды» дамып келеді.
Жалпы, еуроинтеграция мәселесі референдум арқылы шешілуі керек.
«Заң қабылданғаннан кейін біз ЕО-мен олардың көзқарасы мен біздің көзқарасымыздағы жол картасын талқылауымыз қажет», – деді Армения премьер-министрі Никол Пашинян.
-
18.02.2025
-
18.02.2025
-
18.02.2025
-
18.02.2025
-
18.02.2025
-
18.02.2025
-
18.02.2025
-
18.02.2025
-
18.02.2025