Елдің ЕО-ға қосылуға ниеті туралы заң жобасын парламент соңғы оқылымда қабылдады. Спикер Ален Симонянның мәліметінше, шешімді 64 депутат қолдап, жетеуі қарсы шықты.
Заң жобасын азаматтық бастама өкілі Артак Зейналян бірнеше қоғамдық ұйымның атынан ұсынды. Бұл ұйымдар елдің еуроинтеграциясын қолдап, 50 мыңнан астам қол жинаған.
Ресми түрде Еуроодақ Арменияға мүшелік ұсынбаған, бірақ билік заңның қабылдануы демократияны нығайтуға, өмір сүру деңгейін арттыруға, қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етуге көмектеседі деп санайды. Құжатты билеуші «Азаматтық келісім» партиясы қолдады.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Паруйр Ованнисян қабылданған заң Арменияның ЕО-ға ресми өтініш беруін білдірмейтінін, тек «Еуроодақпен терең қарым-қатынас орнатуға ұмтылысты көрсететінін» атап өтті.
Жақын арада Брюссель мен Ереван арасындағы жаңа серіктестік күн тәртібі қабылданбақ.
Фото: Envato Elements