arasha.kz

Армения ҰҚШҰ-дан шығатынын мәлімдеді

Бұл туралы республиканың премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді.

12 маусымда парламентте сөйлеген сөзінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян елдің Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) шығатынын мәлімдеді.

Пашинян елдің басқа амалы жоқ екенін, ұйымнан шығудың нақты уақыты кейінірек хабарланатынын айтты.

Пашинян сондай-ақ «ҰҚШҰ мүшелері Әзірбайжанмен бірге Арменияға қарсы соғысты жоспарлағанын» жеткізді.

Армения ҰҚШҰ-ға қатысуын 2024 жылдың ақпан айында елдің премьер-министрі Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік келісімі орындалмағанын айтқан кезде тоқтатқан болатын.

Exit mobile version