Мәжілісте мәдени-тарихи мұраны сақтау және пайдалану туралы заң жобасын талқылау кезінде депутат Владислав Косеров Ленин ескерткішінің қалай сақталатынына алаңдап, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қаратып: «Совет кезіндегі ескерткіштерді сақтауға қандай моральдық жауапкершілігіміз бар? Ленин ескерткіші колхоздың қоқысына тасталған қалада қалай өмір сүруге болады? Мәдениет министрлігінің ескерткіштерді сақтау жауапкершілігі бар ма?» деп сұрады.
Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы депутаттың сөзін мақұлдап: «Айтқаныңыз дұрыс. Ленин тірі және өмір сүре береді» дейтін ұран болған еді ғой» деп әзілдей келіп, Алматыдағы Сарыарқа кинотеатрының артындағы саябақта Ленин ескерткіші тұрған айтып:
– Сол саябаққа баруыңызға болады. Әрине, біз, бәріміз 22 сәуірде сол жерде болуға міндеттіміз,- деді.
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024