06-07-18 |
5630 рет қаралған
Astana Finance Days конференциясы алаңында АҚШ пен Ресей президенттерінің саммитіне болжам жасалды.
Astana Finance Days конференциясы алаңында АҚШ пен Ресей президенттерінің саммитіне болжам жасалды

16 шілдеге жоспарланған Ресей мен АҚШ президенттерінің саммиті аса нәтижелі болмайды. Астанада өтіп жатқан Astana Finance Days конференциясы алаңында белгілі АҚШ қайраткері Анджела Стент осындай пікір білдірді.

Оның айтуынша, АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған нашар деңгейде. Сириядағы қақтығыс, «Қырым» төңірегіндегі тартыс, санкциялар дауы, дипломаттарды елден аластату секілді алма-кезек әрекеттер осындай жағдайға әкелді.

«Президент Трамп пен президент Путин арасында шілденің 16-да өтетін саммит – өте маңызды оқиға. Менің қазақстандық әріптестерім, алдағы кездесуден қандай нәтиже күтуге болатынын сұрады. Менің ойымша, үлкен нәтиже күтудің қажеті жоқ. Алайда «тосын сыйлар» болуы әбден мүмкін», – деді Анджела Стент.

Оның пікірінше, АҚШ пен Ресей жетекшілері екі ел арасындағы күрделі қарым-қатынасты реттеу үшін алдағы кездесуді мейлінше тиімді өткізуге тырысады.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың 16 шілде күні Хельсинкиде кездесуіне келісім жасалғандығы хабарланған болатын. Тараптар кездесуде екі жақты қатынастардың жағдайы мен болашағын, халықаралық күн тәртібіндегі тақырыптарды талқылайды деп күтілуде

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.