arasha.kz

Астана Хабы Еуропалық Мемлекеттік басқару мектептерімен серіктестікті ұлғайтады

Чехия Республикасы, Прага қаласында жыл сайынғы NISPAcee 2019 конференциясында посткеңестік елдердің мемлекетінің реформасы мәселелеріне арналған Астана мемлекеттік қызмет хабының кеңесі өтті, онда 31 елдің 180-ге жуық практик мамандары, ғалымдары мен студенттері теорияны тәжірибеге ұластырып, әрі үрдістер мен ақпараттарды бөлісуге жиналды.

Чехия Республиканың Прага қаласында Орталық және Шығыс Еуропадағы Мемлекеттік басқару институттары мен мектептері желісінің (NISPAcee) 27-ші жыл сайынғы конференциясы өтті. Биыл конференцияның негізгі тақырыбы «Саясатты әзірлеуден – іске асыруға дейін».

Конференция аясында «Посткеңестік елдердегі мемлекеттік қызметті реформалау» атты Астана хабының панельдік сессиясы өтті. Әзірбайжан, Бельгия, Босния және Герцеговина, Ұлыбритания, Қазақстан, Қырғызстан, Солтүстік Македония, Польша, Ресей, Өзбекстан және Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелері Департаментінің мемлекеттік қызмет практиктері мен академия өкілдері аймақ елдеріндегі мемлекеттік қызметті реформалау және дамыту мәселелерін талқылады.

Сессияны ACSH басқару комитетінің төрағасы Алихан Байменов жүргізіп, «зерттеушілер посткеңестік мемлекеттердегі реформалар кезеңін азырақ қарастырды, осы реформалардан алынған сабақтар үлкен қызығушылық туғызды»,- деді.

NISPAcee атқарушы директоры Людмила Гайдосова NISPAcee мен Астана хабының арасындағы ұзақ мерзімді серіктестіктің жемісті екенін, әрі ол посткеңестік елдердегі мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті реформалауды зерттеуде үлкен үлес қосатындығын атап өтті.

Орталық және Шығыс Еуропадағы мемлекеттік басқару институттары мен мектептері желісі (NISPAcee) 1994 жылы Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің алдында тұрған мемлекеттік басқару мәселелерімен айналысатын коммерциялық та, үкіметтік те емес ұйым ретінде құрылды. NISPAcee Шығыс-Шығыс ынтымақтастығының  бірлескен зерттеу, білім беру және оқу бағдарламаларына көмек көрсету, келістіру, жәрдем беру, сондай-ақ ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік сектор менеджерлері мен саясаткерлер арасындағы пікірсайыстар аренасы ретінде қызмет етеді.

Exit mobile version