Министрліктің мәлімдеуінше, вокзал атын өзгерту шешімін үкімет қабылдаған. Қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енетіні айтылған. Қаулы жобасы әуелде көпшілік талқысына ұсынылып, 16 сәуір талқылаудың аяқталатыны мерзімі ретінде көрсетілген. 2 сәуірде вокзал атын өзгерту туралы қаулы жобасы нормативтік-құқықтық актілер электрондық базасында жарияланған.
23 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Нұр-Сұлтан деп атау туралы жарлыққа қол қойған. Екі жыл бұрын Астана әуежайына да Назарбаевтың аты берілген.