Бүгін Астана қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Астана қаласының атауын өзгерту туралы ұсыныс қаралып, оны депутаттар бір ауыздан қолдады. Депутаттар қала атауының дефис арқылы Нұр-Сұлтан деп жазылуын да мақұлдады. Мәселен, мәслихат депутаты Зәуре Жүсіпова журналисттерге «Шынында да өте жақсы естіледі, мағынасы терең, өзіме қатты ұнайды» деп ағынан жарылыпты. Қайтсін енді. Осылайша, Астана қаласы – Нұр-Сұлтан деп жазылатын болады.
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, құрметті сенатор, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын мәңгілік қалдыру мақсатында Астана қаласының атын Нұрсұлтан Назарбаевтың атына беру туралы ұсыныс айтқан еді.
-
05.11.2024
-
05.11.2024
-
05.11.2024
-
05.11.2024
-
05.11.2024
-
05.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024