Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапарымен жетті деп хабарлайды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.
Хабарламада жазылғандай бүгін Қазақстан Президенті Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі.
Мемлекет басшысы 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық Клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.