Президент Қ.Тоқаев сенат төрайымы Дариға Назарбаеваны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездеуде сенат төрайымы президентке сайлауалды тұғырнаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, соның ішінде азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге қатысты жоспарлар туралы мәлімет берілген. Сондай-ақ, қабылдауда Тоқаев мал ұрлығы, есірткі таратқаны, әсіресе интернет арқылы таратқаны үшін жазаны қатаңдату қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қол астындағы қызметкерлердің жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылығы үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін заңнамалық нормаға енгізудің маңызды екенін атап өткен.