1-желтоқсанда Қазақстанда тұңғыш президент күні. Ресми мереке.
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) December 1, 2019
Елдің тәуелсіздік алған тұстағы бірінші басшысы Н.Назарбаевтың құрметіне осындай атаулы мереке енгізілген. Қазақстанды отыз жылға жуық басқарып, биыл наурыз айында өз еркімен президент қызметінен кеткен Назарбаев қазір арнайы заңдарда белгіленгендей елбасы, қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, құрметті сенатор, «Нұр Отан» партиясының төрағасы. Жыл сайын 1-желтоқсанда депутаттар, билікке жақын сарапшылар Назарбаевтың таризи еңбегі жайлы лекциялар оқып, мектеп, жоғарғы оқу орындарында кездесулер өткізеді. Мемлекеттік телеарналардан бұрынғы президент туралы деректі хабарлар, арнайы сюжеттер беріледі. Сондай-ақ Астанада халықаралық жиындар өтеді.