15-01-20 |
780 рет қаралған
Қазақстанда парламент сайлауы наурызда өте ме?.
Қазақстанда парламент сайлауы наурызда өте ме?

Қазақстанда парламент сайлауы наурызда өтеді. Бұл туралы Ресей мемлекеттік «Россия 24» телеарнасының youtobe видео желісіндегі ресми каналында көрсетті.

Телеарна youtobe каналына 10 қаңтарда әр елде 2020 жылы болатын сайлаулардың графикасын жариялаған. Сол графикада Қазақстанда наурыз айында парламент сайлауы өтетіні көрсетіледі.

Телеарна графиканы «Меркатор» компаниясы жасағанын жазған.

Былтыр күзден бері ел ішінде биыл парламент сайлауы өтетіні туралы жиі сөз айтылып келеді. 

Былтыр «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Назарбаев «мәжіліс сайлауына «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын премьер-министр өзі басқарып, бағдарламаны дайындауға осы бастан кірісу керектігін» айтқан.

Іле елбасының баспсөз хатшысы Айдос Үкібай: «Отырыста Н.Назарбаев конституцияда көрсетілген уақытта өтетін мәжіліс сайлауына дайындықты бастауға шақырды» деген еді.

Ақпан айында «Нұр Отан» партиясының съезі өтетіні мәлім. Дәл осы съезде алдағы саяси науқанның да тағдыры шешіліп, көптеген өзгерістер болуы ықтимал екенін билікшіл сарапшылар қазірден бастап-ақ шым-шымдап жариялап жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.