25-03-19 |
6880 рет қаралған
Қазақстандағы демократиялық күштер Астананың Нұр-Сұлтан аталуын қолдайды.
Қазақстандағы демократиялық күштер Астананың Нұр-Сұлтан аталуын қолдайды

Астанада Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өтіп жатыр. Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен жиын Астананың Нұр-Сұлтан қаласына өзгеруін қолдауға орай ұйымдастырылған.

Мәулен Әшімбаев Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік өкілеттігін тоқтату шешімін барлық мәселені саралай келе қабылдағандығын айтты.

— Елбасы ел мен халықтың мүддесін бірінші кезекке қойып, әрдайым дұрыс шешімдер қабылдайды. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашанда біздің Елбасымыз, тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы тұлға, ел ішінде және халықаралық аренада орасан зор беделге ие әлемдік деңгейдегі саясаткер, аса көрнекті реформатор болып қала береді», — дейді ол.

Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Nur Otan партиясының төрағасы болып қала беретіндігі оның мемлекеттің стратегиялық дамуына айрықша ықпал ететін тұлға ретінде жұмыс істей беретініне тоқталған Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Тұңғыш Президенттің есімін Қазақстан астанасына берудің маңызы зор екенін айтады.

Жиынға Қазақстандағы жетекші партиялардың басшылары, Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, кәсіби және қоғамдық бірлестіктер қатысуда.

Дереккөз: zhasalash.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.