Біз
әлеуметтік
желіде
30-06-25 |
120 рет қаралған
Әзірбайжан өз аумағындағы барлық ресейлік мәдени іс-шараларды тоқтатты.
Әзірбайжан өз аумағындағы барлық ресейлік мәдени іс-шараларды тоқтатты

Бұл шешім концерттерге, театр қойылымдарына, фестивальдерге, көрмелерге және мәдени қатысудың басқа түрлеріне қатысты.

Әзірбайжанның Мәдениет министрлігі елде ресейлік мемлекеттік және жекеменшік құрылымдар ұйымдастырған барлық мәдени іс-шаралардың тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ведомство X әлеуметтік желісінде хабарлады.

«Әзірбайжанда ресейлік мемлекеттік және жекеменшік құрылымдар ұйымдастырмақ болған мәдени іс-шаралар тоқтатылады», – делінген министрліктің ресми мәлімдемесінде.

Ведомство бұл шешім Ресейдің Екатеринбург қаласында құқық қорғау органдарының әрекеттеріне байланысты қабылданғанын нақтылады.

Екатеринбургтегі әзірбайжан азаматтарының ұсталуымен байланысты жағдай Баку мен Мәскеу арасындағы дипломатиялық шиеленіске себеп болды.

2025 жылғы 27 маусымда Ресейдің құқық қорғау органдары жүргізген рейд барысында, Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, екі әзірбайжан азаматы қаза тапқан, бірнешеуі ауыр жараланған, ал тоғызы ұсталған.

Кейбір БАҚ бұл оқиға қылмыстық топтың қызметін тоқтатумен байланысты болуы мүмкін екенін хабарлады.

Ресей тарапы әзірге қаза тапқандар туралы ақпаратты растаған жоқ.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.