20-07-20 |
1450 рет қаралған
Бағдат Мусин жұмысын Асқар Жұмағалиевке алғыс айтудан бастады.
Асқар Жұмағалиев пен Бағдат Мусин
20 шілдеде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі болып тағайындалған Бағдат Мусин ел ішінде министрлік жұмысына қатысты ұсыныстар болса, қабылдайтынын айтып, экс-министр Асқар Жұмағалиевке алғыс айтты.
«Цифрландырудың маңызы зор екені барлығымызға мәлім.
Барынша күш жігерімді салуға тырысамын.
Сіздердің ұсыныстарыңыз болса, қабылдауға ризамын.
Асқар Қуанышұлының бұл саланың аяққа тұрып, дамуына өз жұмысымен қосқан үлесі өте зор!» деп жазады ол. Әрі қарай жазбасын орыс тілінде жалғастырып, Жұмағалиевке алғыс айтқан: «Ең әуелі Асқар Жұмағалиевке алғыс айтқым келеді. Көп жыл сол кісінің басшылығымен жұмыс істедім. Оның басшылығымен байланыс және IT сала жаңа әрі сапалы кезеңге шықты. Одан көп нәрсе үйрендім».
Қиын кезең.Цифрландырудың маңызы зор екені барлығымызға мәлім.Барынша күш жігерімді салуға тырысамын.Сіздердің…
Опубликовано Мусином Багдатом Понедельник, 20 июля 2020 г.
Бағдат Мусин бұған дейін президенттің кеңесшісі болған. Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев Асқар Жұмағалиев басқарған цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жұмысын сынаған еді. Жұмағалиев басы-қасында жүрген «Цифрлық Қазақстан» жобасының жылдар бойы мақталған әлеуеті көктемдегі төтенше жағдай кезінде белгілі болып, электронды қызметтер істемей, қашықтан оқу ісіндегі онлайн жүйеде сыр берді. Осылайша, Асқар Жұмағалиев сын естіп, қызметінен кетті.
Соңғы мақалалар.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.