18-11-24 |
3430 рет қаралған
Байден Украинаға ATACMS зымырандарымен Ресей аумағын атуға рұқсат берді.
Байден Украинаға ATACMS зымырандарымен Ресей аумағын атуға рұқсат берді

АҚШ президенті Джо Байден мерзімінің соңында Киевтің бірнеше ай бойы сұрағанын орындады: ол Ресей аумағына ATACMS баллистикалық-тактикалық зымырандарымен соққы беру тыйымын алып тастады. Бұл туралы бірнеше америкалық газеттер мен телекомпания хабарлады.

Газеттердің жазуынша, Байден мұндай шешімді Курск аймағындағы соғысқа Ресейдің Солтүстік корея сарбаздарын араластыруы себеп болған.

Шенеуніктердің бірі бұл шараның бір бөлігі Пхеньянға қосымша әскер жіберуден тосқауыл қою мақсатында жасалғанын айтты. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын алғашқы бөлімшелерді жіберу үлкен қателік екенін түсінуі керек, деді ресми өкіл.

Көптеген әскери бақылаушылар Ресей аумағына зымыранмен соққы беру Украинаның қорғанысын сақтауға көмектесетініне қарамастан, соғыс барысында үлкен бетбұрыс әкелмейді деп отыр

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.