09-11-18 |
2840 рет қаралған
БАЛКАН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МЕКТЕПТЕРІ АСТАНА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ХАБЫМЕН ЫТЫМАҚТАСУҒА КЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА.
БАЛКАН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МЕКТЕПТЕРІ АСТАНА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ХАБЫМЕН ЫТЫМАҚТАСУҒА КЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА

Скопьеде (Македония) өткен «Мемлекеттік қызмет саласының заманауи сын-тегеуріндері және шешімдерге қол жеткізудегі серіктестіктің рөлі» атты конференция аясында Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов Батыс Балкан аймақтық мемлекеттік басқару мектебінің (ReSPA) директоры Ратка Секуловичпен кездесті.

Ратка Секулович ханым ReSPA-ның Астана хабы және оның қатысушы елдерімен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытатынын атап өтті. «Мемлекеттік қызмет саласында елдер ұқсас қиындықтар мен проблемаларға кез болады. Өзара тиімді әріптестік сол қиындықтарды бірлесіп шешуге мүмкіндік береді. Астана хабы әртүрлі өңірлерде мемлекеттік қызметтің үздік тәжірибесін таратуда мол тәжірибе жинақтады, бұл тәжірибе біз үшін аса қызықты», – деді ол.

Алихан Байменов өз кезегінде: «Біздің қызметіміз бірдей мақсаттарды көздейді, ол – мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа білім мен дағдыларды қалыптастыру және тәжірибе алмасуға жағдай жасау. Астана хабының қызметі жаһандық сипатқа ие болды. ReSPA-мен серіктестік Балқан елдерімен ынтымақтастығымызды одар әрі кеңейтіп, әріптестігімізге жаңа серпін беретініне сенемін», – деп атап өтті.

Тараптар мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және бірлескен зерттеу жобаларын жасау сияқты болашақ серіктестіктің нақты қадамдарын талқылады.

Қазіргі уақытта Астана хабының құрамына 40 қатысушы ел кіреді, солардың ішінде ЭЫДҰ, ТМД, Кавказ, Орталық Азия және ACEAН мемлекеттері де бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.