29-12-21 |
1860 рет қаралған
Бекболат Тілеухан енді депутат емес.
Бекболат Тілеухан енді депутат емес

Орталық сайлау комиссиясы Бекболат Тілеуханның депутаттық өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде шешім шығарды. Оған Б.Тілеуханның өтініші негіз болған.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Қанайұлы Тілеуханның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Қ. Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін», – делінген ОСК қаулысында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.