Екі ел Беларусь әскери қызметкерлерін Қазақстанда оқыту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Беларусь қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Беларусь Қорғаныс министрі Виктор Хренин Қазақстанның Ұлттық қорғаныс университетінде болып, әскери кадрларды даярлау жүйесімен және оқу орнының оқу-материалдық базасымен танысты.
Сапар барысында екі елдің әскери оқу орындарының өзара іс-қимыл мәселелері қаралып, Беларусь әскери кадрларын Қазақстанның Ұлттық қорғаныс университетінде оқыту мәселесі көтерілді.