2 қазанда Жамбыл облыстық ауданаралық қылмыстық соты Мұхтар Әбләзов банкир Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырды деген айып бойынша істі қарауды бастайды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдейді.
М.К. Әбләзовқа қатысты істі Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайтын болады.
«М.К. Әбләзовқа 2004 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін, «Тұран Әлем Банкі» АҚ банкін бақылауды қайтару мақсатында, осы банктің басқарма төрағасы Е.Н. Тәтішевті өлтіру үшін 4 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай сыйақыға М.Ш. Тоқмәдиді жалдаған деген айып тағылды» -делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ ақпаратта: «2004 жылғы 19 желтоқсанда М.Ш Тоқмәди., М.К. Әбләзовтың мүддесі үшін әрекет ете отырып, Жамбыл облысының Қордай ауданында аңшылық кезінде аңшы қарумен Е.Н. Тәтішевті өлтірді.
Содан кейін М.К. Әбләзов директорлар кеңесінің төрағасы ретінде сайланып, аталған банкке басшылық етті» делінген.
Бас прокуратура айыпталушы Әбләзовты сот процесінің басталуы туралы ресми түрде хабардар етті. Айыпталушыға Алматы қалалық адвокаттар алқасынан кәсіби заңгері тағайындалды.
arasha.kz
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024