27-03-24 |
8930 рет қаралған
Bloomberg: Путиннің айналасындағылар Крокус Сити Холлға жасалған шабуылға Киевтің қатысы бар дегенге сенбейді.
Bloomberg: Путиннің айналасындағылар Крокус Сити Холлға жасалған шабуылға Киевтің қатысы бар дегенге сенбейді

Ресей президенті Владимир Путин «Крокус Сити Холлға» жасалған шабуылға Украинаның қатысы болуы мүмкін деп айтуды жалғастырып жатқанымен, Ресей көшбасшысының айналасындағылардың бір бөлігі онымен келіспейді, деп жазды Bloomberg Кремльмен тығыз байланысы бар төрт адамға сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, Путин және Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев пен ФСБ басшысы Александр Бортников Украинаның қатысы бар деп мәлімдегенімен оларда ешқандай дәлел жоқ.

Агенттікке сұхбат бергендердің бірі (елдегі жайтпен таныс, бірақ аты-жөнін атамауды өтінді) шенеуніктер Киевпен ешқандай байланысы жоқ деп келіскен талқылауларға Путин қатысқанын айтты. Осыған қарамастан, Ресей президенті бұл трагедияны ресейліктерді Украинадағы соғысқа қарсы қою үшін пайдалануға бел байлап отыр, деп мәлімдеді ол.

Агенттік сұхбаттастарының айтуынша, Кремль шенеуніктері қауіпсіздік қызметінің концерт залына қарулы шабуылдың алдын ала алмағанына таң қалған. Оларға белгілі ресейлік саяси және іскер элита өкілдерінің ешқайсысы дерлік Украина билігі бұл шабуылға ықпал етуі мүмкін деп санамайды, деп жазады агенттік.

Киев Крокус Сити Холлдағы қайғылы оқиғаға қатыстылығын бірнеше рет жоққа шығарды. Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Bloomberg басылымын «барлық фейктердің анасы» деп атады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.