Болат Назарбаевтың 21 жастағы қызы иелік еткен компания 47,2 млрд теңгеге мемтапсырыс алған. Бұл туралы журналист Мият Кәшібай телеграм каналында жазды.
Мият Кәшібай зерттеуінде, «Tоlagai-2050» ЖШС бірнеше жылдан бері мемлекеттік органдардан ірі тендерлер алып жүрген жеке компания екенін, оның құрылыспен айналысатынын анықтаған. Компания көбіне өзендер мен көлдерде түрлі құрылыс жүргізеді.
Қазір бұл компанияның басшысы әрі жалғыз құрылтайшысы – Оразхан Жанысбеков деген адам. Ал 2020 жылдың желтоқсанынан 2022-нің 14 ақпанына дейін компания құрылтайшылараның бірі Ақбота Назарбаева болған. Ашық дереккөздегі ақпаратқа қарағанда, Ақбота – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болаттың қызы.
Мемсатып алу порталының дерегінше, Болат Назарбаевтың 21 жастағы қызы иелік еткен «Tоlagai-2050» ЖШС 2018 жылдан бері 37 тендер ұтып алған. Олардың жалпы құны – 47,2 млрд теңге.
Ақбота Назарбаева ресми түрде компания құртайшысы атанардан бір ай бұрын, яғни, 2020 жылы қарашада «Tоlagai-2050» Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» мекемесімен 22,1 млрд теңгеге келісімшарт жасасты. Бұл – компания тарихындағы ғана емес, Қазақстан тарихындағы ең ірі мемтапсырыстардың бірі.
Бюджеті 22,1 млрд теңге болатын келісімшартқа сәйкес, «Tоlagai-2050» Алматы облысы Қарасай ауданындағы Ақсай өзеніне селді ұстап тұратын бөгет салуға тиіс.
21 жастағы Ақбота Назарбаева «Tоlagai-2050»-ден бөлек, тағы да бірнеше компанияға құрылтайшы. Солардың бірі – Шымкеттегі «Мирас» университеті. Назарбаева былтырғы мамырдан биыл биылғы ақпанға дейін осы университет құрылтайшылараның бірі болған.
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024