04-02-25 |
2240 рет қаралған
БҰҰ: 2024 жылдың тамызынан бері Ресей әскері 79 украин тұтқынды өлім жазасына кескен.
БҰҰ: 2024 жылдың тамызынан бері Ресей әскері 79 украин тұтқынды өлім жазасына кескен

Украинадағы БҰҰ-ның Адам құқықтарын бақылау миссиясы 2024 жылдың тамыз айының соңынан бері ресейлік тұтқында болған 79 украиналық әскери қызметкердің сотсыз өлім жазасына кесілгенін тіркеген.

Баспасөз баяндамасында айтылғандай, ресейлік әскери күштерге тұтқынға түскен немесе берілген көптеген украиналық сарбаздар сол жерде атып өлтірілген. Куәгерлердің айтуынша, бұл өлім жазалары кезінде қарусыз және жаралы украин сарбаздары да өлтірілген.

79 өлім жазасына қатысты (барлығы 24 оқиға) миссия бейне және фото материалдарды зерттеп, оқиға куәгерлерінен сұхбат алған. Геолокация мен хронолокация деректері бұл қылмыстар ресейлік әскерлердің шабуыл операциялары жүргізілген аумақтарда болғанын көрсеткен.

«Ресей Федерациясының қоғам қайраткерлері украиналық әскери тұтқындарға қатыгездік танытуға және тіпті өлім жазасын қолдануға ашық түрде шақырған», — деді миссия басшысы Даниэль Белл. Оның айтуынша, «мұндай мәлімдемелер заңсыз әрекеттерге итермелеуі немесе оларды ынталандыруы мүмкін».

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.