arasha.kz

БҰҰ қазақстандық бітімгерлерге қанша айлық төлейтіні белгілі болды

Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан Голан биігіне баратын қазақстандық бітімгерлерге БҰҰ айлық төлейтінін мәлім етті.

«БҰҰ-ның талабы – әр контингент өзінің қару-жарағымен, техникасымен бару керек. Сондықтан біз қандай техника жіберілетінін айқындадық. Қорғаныс министрі ол қандай техника екенін айтты. Енді сол техниканы жеткізу керек. Бұл да біздің миссиямыз. Бұған шашамен 8 млн доллардай кетеді. Өйткені 15 дана беренді «Арлан», КАМАЗ сияқты үлкен көліктер туралы сөз болып отыр», – деді Айгүл Құспан.

Депутаттың айтуынша, ондай техниканы алып ұшатын ұшақ Қазақстанның өзінде жоқ, деп жазды Kazinform.

«Қорғаныс министрлігі сондай жүк тасымалдайтын әуе компанияларына жүгінетін шығар. Голан биігіне «Ил-27» сияқты ұшақтармен алып ұшатын шығар. Оның өзінде біз ең үнемді жолды таңдап отырмыз. Ал Қазақстанға кері қайту БҰҰ есебінен болады. Оның үстіне БҰҰ біздің әскери қызметшілерге айлық төлейді. БҰҰ жыл сайын біздің бюджетке белгілі бір сома аударып отырады. Шамамен 1 млн доллардай. Жалпы біздің миссияның мандаты бір жылға деп белгіленген. Бірақ ұзартылуы мүмкін», – деді Мәжіліс депутаты

Айта кетейік, Парламент қазақстандық әскерилердің БҰҰ миссияларына қатысу туралы Жолдауын мақұлдады.

Exit mobile version