07-06-24 |
10940 рет қаралған
Даниал Ахметов туралы құжаттарды құқық қорғау органдарына жолдаймын – депутат.
Даниал Ахметов туралы құжаттарды құқық қорғау органдарына жолдаймын – депутат

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарынан келіп түскен көптеген арыз-шағым негізінде ШҚО бұрынғы әкімі Даниал Ахметовке қатысты миллиардтаған қаржы есебіне қатысты құжаттарды құқық қорғау органдарына жолдайтынын мәлімдеді.

Бір кездері жалғанды жалпағынан басып, Елбасының сенімді адамы атанғандардың жыры әлі талай жылға азық болатын түрі бар. Соның бірі, жоқ бірегейі – Даниял Ахметовке қатысты арыздар легі тоқтар емес.

Сол көп шағым ішінен біреуіне ғана тоқталайын, Даниал Ахметов әкім боп тұрған кезде Өскемен және Семей қаласы көшелерін жарықтандыруға деп ЕБРР (Европа қайта құру және даму банкі) арқылы 3,6 млрд, оған қосымша бюджет тарапынан 1, 2 млрд, барлығы 4, 8 млрд бөлінген екен. Бұл жобаны Даниал Ахметов тарапынан жеке лобби жасалғанына дәлел ретінде, оның әкім боп тұрғанда ЕБРР-дың Лондондағы офисіне келіссөз жүргізуге өзі барғанын айтады шағым иелері.

Бірақ мәселе онда да емес, мәселе сол миллиардтаған қаражатқа қойдырған шамдардың басым бөлігінің жанып кеткендігінде және кепіл уақыты ішінде ауыстырылмауында. Нәтижесінде, Өскемен мен Семейде көше жарығы жоқ, алайда ол жағдай екі облыстың бюджетін ЕБРР алдындағы қарыз міндеттемелерінен босатпайды.

Менің қолыма түскен құжатарға сәйкес, осы күмәнді келісімге қатысқан екі компания белгілі, олар; 1. ШҚО әкімдігі ашқан «Региональный центр ГЧП ВКО» АҚ,

2. Тайваньда тіркелген «Everlight Electronics Co. LTD».

Яғни, ұршықта айналған жіпті шетінен тарқататыны сияқты, тексеруді әкімдік жанынан құрылған мекемеден бастаса біраз дүниенің басы ашылары анық.

Осыған байланысты, Шығыс Қазақстандық ағайындардан түскен арыз бен өзім тарапынан қосымша сұратып алынған құжаттарды, тиісті құқық қорғау органдарына өз талдауыммен қоса жолдайтын боламын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.