Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Қосанов Дәурен Жұматайұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды», – делінген жексенбі күнгі хабарламада.
Қосанов 2024 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы – Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін, 2022 жылдың желтоқсанынан бастап, Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болған.