Мәскеу қалалық соты ДНР-дың бұрынғы қорғаныс министрі Игорь Стрелковты халықты экстремистік әрекетке жария түрде шақырды деп төрт жылға бас бостандығынан айырды.
18 қаңтарда өткен жарыссөзде прокурор Стрелковты жазасын төрт жыл 11 айға жалпы режимдегі колонияда өтеуді сұрады. Экстремистік әрекетке жария түрде шақыру (Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 280-бабының 2-бөлігі) бабы бойынша ең жоғары жаза бес жылға бас бостандығынан айыру болып табылады.
Сот отырысы жабық есік жағдайында өтті, дегенмен Стрелковтың өзі және оның қорғаушысы оны тыңдаушылар мен журналистерге ашуды сұрады.
Қараша айында Стрелков түрмеде отырып, 2024 жылы өтетін Ресей президентінің сайлауына қатысуға ниетті екенін мәлімдеді. Ол әріптестерін оны ұсыну науқанын бастап, қол жинау үшін бастамашы топ құруға шақырды, бірақ олар мұны істей алмады.
Стрелков – ФСБ-ның бұрынғы офицері, 2014 жылы наурызда Қырымды аннексиялауға қатысқан, сәуірде шағын отрядпен Донецк облысындағы Славянск қаласын басып алған. 2014 жылдың мамыры мен тамызы аралығында өзін-өзі жариялаған КХДР «Қорғаныс министрі» қызметін атқарды.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024