Елбасы канцеляриясын құруға бір миллиард теңге қажет. Бұл туралы қаржы вице-министрі Татьяна Савельева сенат комитетінің кеңейтілген отырысынан кейін журналисттердің сауалына жауап беру барысында айтқан, — деп жазады zakon.kz
— Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне қатысты айтар болсақ, ол заң мәтініндегі техникалық өзгеріс, ол қосымша қаржыны қажет етпейді. Қаражаттың шығыс бөлігінің көбі 1-маусымнан басталатын жалақыны көтеруге жұмсалады. Алғашқы айда айда осы мақсатқа 37 миллиард теңге қажет. Ал қалған ақша — жаңа мемлекеттік органға кетеді. Ол — Елбасы канцеляриясы, тіркелді, — деді Татьяна Савельева. Бұл бюджеттен бір миллиард теңгені қажет ете ме, деген журналисттердің сауалына Савельева «иә» деп жауап берген.