2020 жылы еріктілердің Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 3,9 млрд теңгеге бағаланады. Осы цифрлер «Еріктілер жылының» жабылуына арналған онлайн-конференцияда айтылды. Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Бүгін ұлттық еріктілер қозғалысы өзінің шарықтау шегіне жетті. Мұны еріктілердің COVID-19 індетіне қарсы күреске белсенді қатысуы куәландырады.
Қазақстандағы «Еріктілер жылы», заманымыздың анықтаушы ғаламдық дағдарысына және Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінен бері біздің алдымызда тұрған ең үлкен қиындығына айналған, COVID-19 індетімен сәйкес келді. COVID-19 миллиардтаған адамдарды үйлерінде қамап, мыңдаған еріктілерге көптеген инновациялық тәсілдерді қолдануға түрткі болды: бетперде жасаудан және егде жастағы көршілерге дүкеннен керекті тауарларды сатып алуға көмектесуден бастап, виртуалды концерттер мен пилатес жаттығуларымен аяқтап. Оқшаулау және әлеуметтік қашықтық жағдайында еріктілер мобилизацияланып, әлі де COVID-19 індетіне қарсы күресте маңызды рөл атқарады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бағалауы бойынша, жылына 1 миллиардқа жуық адам өздерінің қауымдастықтарына өз еркімен көмектесу үшін өз уақыттарын бөледі. «Талап» зерттеу орталығының мәліметтері бойынша, еріктілер еңбегінің 68% әлеуметтік қызметтер мен денсаулық сақтау салаларына бағытталған. 2020 жылы еріктілердің Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 3,9 млрд теңгеге бағаланады.
фото: akorda.kz
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024