ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ресейлік ТАСС басылымына сұхбат берді, материалдың негізгі тақырыптарының бірі Арменияның ұйымға қатысуы болды. 21 ақпанда Армения премьер-министрі Никол Пашинян France 24 арнасына берген сұхбатында ұйым өз міндеттемелерін орындамағандықтан елінің ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатқанын айтқан.
Алайда, Иманғали Тасмағамбетовтың айтуынша, Армения басшылығынан ұйымдағы мүшелікті тоқтатуға қатысты ресми хабарламалар болмаған. Өз кезегінде ҰҚШҰ хатшылығы Армения билігін қабылданған шешімдер туралы хабардар етеді. Бірақ сонымен бірге Бас хатшы Арменияның оның жұмысына қатыспайтынын растады.
«Ереван шынымен де соңғы кездері ҰҚШҰ хатшылығының жұмысына қатыспайды. Бұл Арменияның қазіргі кезеңдегі шешімі және біз халықаралық ұйым ретінде егемен елдің кез келген шешімін құрметтейміз», – деді Тасмағамбетов сұхбатында.
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
19.11.2024