Президент Тоқаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қызметінен алды.
Министр қызметінен кеткенімен Тоқаев оны президенттің кеңесшісі етіп тағайындады.
Қаңтар оқиғасынан соң ұсталған адамдарды тергеу кезінде азаптау оқиғалары көп тіркеліп, полицияға қоғам наразылығы күшейді. Содан бері Тұрғымбаевтың қызметінен кетуі талап етіліп келе жатқан.
Тұрғымбаев 2019 жылдан бүгінге ішкі істер министрі қызметін атқарып келді.