Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметі.
Ермұхамет Ертісбаев 1956 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1978 жылы Жезқазған педагогикалық институтының ассистенті болып бастаған. 1990—94 жылдары Республика Жоғары Кеңесінің депутаты болды. 1994—98 жылдары Қазақстанның Социалистік партиясы саяси атқару комитетінің хатшысы болып сайланды. 1994—98 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі,1998—2002 жылдары Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2000 жылы Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2006 жылы қаңтар айынан бастап ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі. 2006—08 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі. 2008 жылы мамыр айынан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып қызмет атқарды.
Ертісбаев 2017 жылдан бері Қазақстан Республикасының Беларусь және Грузия Республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін атқарған.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024