16 желтоқсан күні Брюссельде алғаш рет ЕО-ның жаңа Жоғарғы өкілі, эстон дипломаты Кая Калластың төрағалығымен ЕО Сыртқы істер кеңесінің отырысы өтті, деп жазды Kazinform.
ЕО-ға мүше 27 елдің басшылары Сирия, Ливан, Украина және Грузиядағы жағдайды қарастырды. Еуропалық дипломаттар Беларусьтегі оқиғалар жөнінде де пікір алмасты. Кездесудің басты мәселелерінің бірі — Сириядағы жағдай. Еуропалық Одақ оған өзінің жетекші дипломаттарының бірін жіберген.
Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкіл Кая Каллас министрлерді Иордания Корольдігі ұйымдастырған халықаралық кездесуге қатысуы туралы хабардар етті. Онда ол Сирияның жаңа басшылығымен өзара іс-қимылдың негізгі қағидаттарын талқылау үшін араб елдерінің, сондай-ақ Түркия мен АҚШ-тың сыртқы істер министрлерімен кездесті.
К.Каллас сондай-ақ қазіргі уақытта Ливанда жүрген Еуроодақтың Сириядағы делегациясының басшысы (Микаэль Онмахт, ГФР) Дамаскіге елдің жаңа билігімен байланыс орнату және ЕО хабарламаларын жеткізу үшін барғанын хабарлады.
Кеңестің талқылауы барысында ЕО-ның Сирияның аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі мен егемендігі, сондай-ақ есеп берушілік, инклюзивтілік, әйелдер құқықтарын құрметтеу қағидаттары туралы келісімі атап өтілді.
Министрлер өтпелі процес Сирия басшылығы және сириялықтардың өздерінің басшылығымен жүзеге асырылуы тиіс екенін және Сирия халқының барлық алуан түрлілігімен мүдделерін көрсетуі керектігін растады.
Кая Каллас Еуропалық Одақтың Сирия халқына гуманитарлық көмектің ең ірі доноры болып қала беретінін атап өтті. Бұған ЕО Асад режимі құлағаннан кейін бірден құрылған әуе көпірі дәлел. Ол арқылы денсаулық сақтау, білім беру және баспанамен қамтамасыз етуді қолдау үшін 100 тонна гуманитарлық көмек жеткізілген.
ЕО өтпелі кезеңде Сирия халқын қолдау үшін 2025 жылы тоғызыншы Брюссель-Сирия конференциясын ұйымдастырады.
Кеңес одан кейін Таяу Шығыс пен Газа секторындағы оқиғаларды кеңірек талқылады.
Айта кетейік, осыған дейін Бундестаг депутаттарының көпшілігі Олаф Шольц үкіметіне сенімсіздік вотумын қолдағаны мәлім болды.
-
18.12.2024
-
18.12.2024
-
18.12.2024
-
18.12.2024
-
18.12.2024
-
18.12.2024
-
18.12.2024
-
18.12.2024
-
18.12.2024