22-02-19 |
1800 рет қаралған
Әңгімелесудің объективтілігі – мемлекеттік қызметке іріктеу тиімділігінің шарты.
Әңгімелесудің объективтілігі – мемлекеттік қызметке іріктеу тиімділігінің шарты

Астана мемлекеттік қызмет хабы қолдауымен Президент Әкімшілігі, Премьер Министр Кеңсесі және орталық мемлекеттік органдар персоналды басқару қызметтері басшылары мен қызметкерлері  мемлекеттік қызметке үміткерлермен әңгімелесу өткізу әдістерімен танысты.

Хабтың Басқарушы комитет Төрағасы Алихан Байменов тренингті аша отырып, «мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу барысындағы маңызды мәселелердің бірі – конкурстық әңгімелесудің қорытындыларын бағалау объективтілігін қамтамасыз ету. Сондықтан конкурстық комиссиялар жұмысын жетілдіру қажет. Оған қоса персоналды басқару қызметтерінің рөлін арттыру қажет», – деді.

Тренинг сұхбат өткізу, әңгімелесу кезіндегі сұрақтарды қалыптастыру, үміткердің жауаптарын талдау мен бағалау қабілетін дамытуға бағытталған. Тренинг барысында қатысушылар әр түрлі сұхбат түрлерін, оның сапасын және нәтижелер шынайылығын төмендететін басты проблемаларды, Қазақстанда, соның ішінде БҰҰ Даму Бағдарламасы және ұлттық компанияларда жүзеге асырылған озық тәжірибелер мен жобаларды талқылады.

Қатысушылар мемлекеттік органдар кадр қызметтерінің мамандарына арналған кадрларды жоспарлау, үміткерлерді таңдау және іріктеу, олардың әлеуетін бағалау құралдарын сипаттайтын әдістемелік және тәжірибелік ұсынымдарды әзірледі.

Тренингті Астана мемлекеттік қызмет хабы ұйымдастырып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі, HR менеджерлер ассоциациясы және Назарбаев университетінің мемлекеттік саясаттың жоғарғы мектебі қолдау көрсетті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.