Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов журналистердің алдына үшінші рет шығып, сұхбат берді. Бұған дейін төбесін көрсетпеген экс-төраға Нұрлан Нығматулинмен салыстырғанда бұл «айтарлықтай жетістік». Осыны Ерлан Жақанұлы журналистердің есіне салып, сұхбат барысында әріптестерімізбен әзілдесіп отырды. Алайда «Ата заңға Нұрсұлтан Назабаевты «Тәуелсіз елдің негізін қалаушы» деп жазу қаншалықты дұрыс?» деген сұраққа келген кезде тосылып қалды.
– Ата заңға Назарбаевты «Қазақстан Тәуелсіздігінің негізін қалаушы» ретінде енгізуге халық қарсы болып жатыр. Коституциядан Елбасы статусы мен Тұңғыш Президент титуылы алынып тасталса, Назарбаев және оның отбасын қорғайтын заң күшін жоя ма? Жалпы осы мәселе бойынша референдум бола ма?
– Біріншіден, Ата заңға енгізілетін өзгерістен Коституциялық кеңесте жатыр. Президент арнайы жиын өткізген кезде мұны талқылап, жұмыс тобының есебін тыңданғаннан кейін Конституциялық кеңеске жіберді. Аталған кеңес жобаны жариялағаннан кейін жұмыс тобы қандай бапты ұсынып отырғанын көпшілік жақсы біліп отыр. Соның ішінде сіз көтеріп отырған сұрақ – Елбасының мәртебесі туралы ғой.
Негізі тұңғыш президентке қатысты біраз баптар алынып тасталды. Тек қана «Мемлекеттің негізін қалаушы» деген тарихи рөлі ғана Конституцияда қалды. Ал Конституция қабылданғаннан кейін барып, бірінші президент туралы заң күшін жояды. Конституция және президент туралы заңдағы норма бірінші президентке де қатысты болады.
Бұған дейін Ата заңда «Мемлекеттің негізін қалаушы» деген заң жазылған болатын. Ол норма сақталып, нақтылана түсті және Елбасы деген сөз алынып тасталды.
– Экс-президент туралы норма бұрынғы президентке нақты қандай құзыреттер береді?
– Біріншіден, президенттің ар-намысын қорғауға құзырет береді. Екіншіден, әлеуметтік тұрғыдан яғни зейнетақы, көлік және күзеті мемлекет тарапынан өтелетін болады.
– Экс-президент пен оның отбасын жауапқа тарту нормасы қарастырылған ба?
– Ондай норма жоқ. Қаралмаған.
– Осы мәселені шешу үшін референдум өте ме?
– Енді бұл мәселе бойынша референдум бола ма, жоқ әлде Парламент арқылы өтеме оны болашақта шешілетін мәселе. Қазір біз Конституциялық кеңесте осы рәсімді өткізуіміз керек.
– Мемлекеттік негізін қалаушы деген статус Конституциялық кеңестің ұсынысы бойынша Ата заңға енгелі отыр. Бұл өзгеріс неге халықпен ақылдасылмады? Біз бет алған демократиялық елдерде мұндай шешімдер референдум арқылы шешіледі…
– Біз әзірге жобаны ғана талқылап тұрмыз ғой. Ал ол қандай жолмен қабылданатыны кейін белгілі болады. Кейін референдум бола ма, жоқ әлде Парламент арқылы қабылдана ма деген мәселе қаралады. Шындап келгенде Парламентте халықтың өкілі болып саналады. Сондықтан сіздер шамалы алға қарай кетіп отырсыз.
– Шамалы алға қарай біз емес, Конституциялық кеңес кетіп отыр. Олар Тұңғыш президент және Елбасы деге заңның күші жойылуы мүмкін екенін жариялады. Халық Ата заңда экс-президентті «Қазақ елінің негізін қалаушы» деген сөз жазылғанына қарсы болып отыр. «Совет үкіметі тарқағаннан кейін Қазақ елі Тәуелсіздігін автоматты түрде алды деп санайды. Яғни Назарбаевтың Қазақстанның Тәуелсіздік алуына қатысы болған жоқ» деген пікір бар. Сіз бұған не айтасыз?
– Мен халық бұл нормаға қарсы деп айтуға әлі ерте. Себебі бұл туралы дауыста берілген жоқ және бұл мәселе талқыланған жоқ. Ал енді мемлекетіміз 30 жыл бұрын құрылғанда алғашқы президент болған Нұрсұлтан Назарбаев қой. Ол тарихи оқиға. Сондықтан біз Конституцияда тарихи рөлін ғана көрсетеміз.
P.S.
Сондай-ақ Ерлан Қошановтан журналистер Сайлау туралы заңның 54 бабы туралы сұрапты. Аталған бапта президент сайлауына үміткер 5 жыл мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымды қызметте жұмыс істеуі керек» деп жазылған. Мәжіліс төрағасы бұл талап заңнан алынып тасталмайтынын айтты. Демек биліктің «Жаңа Қазақстан», Екінші республика дегені ертегі болып отыр. Бұл деген сөз Ақорданың Қаңтар қырғынынан сабақ алмағанының белгісі болып саналады.
Серік Жолдасбай, arasha
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024