23-11-20 |
1860 рет қаралған
Халық партиясы кандидаттарының тізіміне «Нұр Отанның» мүшелері кіріп кеткен.
Халық партиясы кандидаттарының тізіміне «Нұр Отанның» мүшелері кіріп кеткен

Бұрынғы коммунистік партия – «Халық» партиясы ұсынған мәжіліске кандидаттар тізіміне «Нұр Отан» партиясының мүшелері кіріп кеткен. Олар: Римма Өтесбаева, Бейбіт Бекназаров және Ерлан Жетпісов. Үшеуі де «Нұр Отаның» мүшелері. Өтесбаева мен Жетпісов өздерінің «Халық» партиясы үміткерлер тізіміне кіріп кеткендерін facebook парақшаларында жариялады.

«Халық» партиясының үміткерлер тізімінде Римма Өтесбаева 104 орында тұр. Оның қызметі – Маңғыстау облысы әлеуметтік мониторинг тобының жетекшісі деп көрсетілген. Ал Бейбіт Бекназаров тізімде 77 орында көрсетіліп, «Қорғау – Тараз 2005» ЖШС жетекшісі делінген. Ерлан Жетпісов 110-шы орында тұр. Ол – «Тәуелсіздік» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің басшысы деп сипатталған.

«Халық» партиясының саясат жөніндегі кеңесшісі Ассоль Мирманова: «Егер ондай жағдай орын алған болса, онда оның қалай болғаны егжей-тегжейлі анықталады» депті БАҚ қа берген пікірінде.

Бұл мәселеге қатысты саясаттанушы Қазбек Бейсебаев өз пікірін жариялады.

«»халықшылдар» жоғарыдан түскен тапсырманы орындауда асығыстық жасап, орынсыз әрекетке жол берген. «Нұр Отанның» үш мүшесі тізімге еніп кетуін басқаша қалай түсіндіруге болады? Бұдан кейін бұл партия халық сөзін сөйлейді денген сенуге бола ма?» деп сауал тастайды Бейсебаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.