Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды деп хабарлайды «Ақорда» сайты.
Сондай-ақ, президенттің жарлығымен тағы бірқатар лауазымды тұлғалар қызметтерінен кетіп, басқа қызметке тағайындалды. Соның ішінде Мәдина Әбілқасымова ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылып, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттінің Төрағасы қызметіне тағайындалды. Ал Қанат Бозымбаев президенттің көмекшісі қызметіне тағайындалып, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болған Дархан Қалетаев қызметінен кетіп, оның орнына Мәулен Әшімбаев тағайындалды. «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Дулат Темірғалиұлы Адырбеков те қызметінен босатылды.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024