Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Илон Масктен саяси баспана беру туралы сұраныс түскенін хабарлады. Бұл жөнінде Петербург халықаралық экономикалық форумында Мемлекеттік дума төрағасының орынбасары Владислав Даванков мәлімдеді.
«Меніңше, Илон Маск қандайда бір қателіктер жіберген шығар, бірақ ондай қателіктерді кешіре білу керек. Егер болмай жатса, біз оны әрдайым күтеміз, ол – технологиялық дамуы мен болашақты болжай білуі жағынан өте мықты тұлға», – деді депутат.
Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігінің жауабы бір ай ішінде күтіледі. Ал Илон Маск бұл жағдайға әзірге пікір білдірген жоқ.